Мектептегі кәсіби зертхана

Мектептегі кәсіби зертхана

Қазақстанның орта білім жүйесінің саласында алғашқы рет, М.Ганди атындағы №92 мектеп-лицейінде TURAN табиғи су брендінің сыйы ретінде су биотехнологиясы бойынша кәсіби ғылыми-зерттеу зертханасы пайда болды.

Бұл судың ғылыми түрде физиологиялық толыққандығы мен ішуге жарамдылығын анықтайтын толық жиынтықты арнайы жабдықталған алғашқы мектеп зертханасы. Зертхананың технологиялық жабдықтауы суды 19 параметр бойынша зерттеуге мүмкіндік береді. Ұқсас зерттеу лабораториялары тек су өндіретін зауыттар мен СЭҚ-терде ғана бар. 

М.Ганди атындағы №92 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Мәди Қадылбек: «Біз күнделікті су ішсек те, оның қасиеттері туралы толық мағлұматты білмейміз. Біз қазақстандық ауыз сулардың барлығын үнемі түрде зерттейміз деген шешім қабылдадық. Зерттеген судың құрамы жайлы қазақстандықтарға айтатын боламыз».

Зертхана 2016 жылдың қараша-желтоқсан айларында қызметкерлермен де қамтылды. Зертхана  аквадистиллятор, микроскоп, кептіру және сорғы құралдары, пештер мен қыздыру плиталары, судың  pH-теңгерімі мен лайлылығын тексеретін құралдар,  спектрофотометр, кондуктометр, зертханалық ыдыс,  қорғану құралдары мен химиялық реактивтермен толық оқу жылына қамтылған. Зертхана ашылуына дейін, лицей оқытушылары кәсіби зертханалардағы жұмыс тәртібі мен суды тексеру практикасына үйретілді.

М.Ганди атындағы №92 мектеп-лицейінің директоры Ерұлан ЖИЕНБАЕВ: «Су ресурстары бойынша зертхананың ашылуы – мектеп үшін маңызды оқиға. TURAN табиғи минералды су брендінің арқасына оқушыларымыздың судың адам ағзасына, денсаулығына деген ықпалын зерттеуді жүргізу туралы армандары орындалды. Судың ешкімге белгісіз қасиеттерін ашуды армандайды. Армандары бұл зертхана қабырғаларында орындалады деген үміттеміз».

Лицей оқушыларының жоспары - Алматы қаласының дүкендерінде сатылатын барлық бөтелкедегі сулардың ғылыми талдауын жасап, заттаңбаларының ҚР МЕМСТ сәйкестігіне мен физиологиялық толыққанды ауыз суларының стандарттарына сәйкестігін тексеру.