Пандемия кезіндегі денсаулық сақтауда TURAN суының үлесі

Пандемия кезіндегі денсаулық сақтауда TURAN суының үлесі

Пандемия уақытында дәрігерлер мен COVID-19 дертіне шалдыққан адамдар TURAN табиғи суымен қамтамасыз етілді. 50 мың литрден астам TURAN суы Қазақстанның ауруханаларына жіберілді. Бұл ауруханалардың дәрігерлері 24/7 режимінде бүкіл әлемді алған пандемиямен күресіп келеді.

Кез келген дерт кезінде су ішу тәртібін сақтау – сауығудың басты факторларының бірі болып табылады. Дәрігерлердің ұсынысы бойынша, суық тию мен вирустық ауру кезінде, сонымен қатар COVID-19 дерті кезінде де, су ішу көлемін ұлғайту қажет. Дене қызуы +38…+39°С науқастарға су теңгерімін тәулікке 1 кг салмаққа 50-60мл., яғни сағатына жарты немесе толық кесе сумен толықтыру қажет. Науқас өз дене жылуына жақын температурада кішкене жұтыммен су ішкен жөн.

Дерт кезінде, сүзгіден өткен тазаланған суды ішпей, пайдалы микро-макроэлементтерге толы физиологиялық толыққанды табиғи суды ішкен маңызды. Осындай су ағзаны вирустың әсерінен сақтап қана қоймай, дерт кезінде натрий, хлор, кальций, магний мен йод элементтерінен тапшы болған ағзаның су-тұз теңгерімін қалпына келтіреді.

TURAN табиғи суы минералдар мен пайдалы тірі бактериялардың тиімді мөлшеріне ие. Судың сапасы мен қасиеттері Қазақстан, Ресей, Украина, Германияның ғылыми-зерттеу институттарымен зерттелді. TURAN - дүниежүзінің тағамдық өнімдерінің сапасын осыдан 160 жылғы уақыттан бері зерттеп келетін, әлемге әйгілі SGS Institut Fresenius Фрезениус Институтынан да сапа сертификатын алды. 160 жылдық тарихы болғанымен, аталған мекеме 180 шақты өнімге ғана биік баға беріп, бағаланған өнімдер арасында TURAN табиғи суы да институттың сапа белгісін қолдану мүмкіндігіне ие болды. 2019 жылы қазақстандық ғалымдар «Астана» медициналық университеті, Қазақ тағамтану академиясы мен Томск ҒЗИ-мен бірге жүргізген жобасы бойынша,  TURAN суының ғарышкер денсаулығына әсері зерттелді. 4 айға созылған зерттеу қорытындысы бойынша, ғарышкер денсаулығының жалпы көрсеткіші жақсарды. 

Су Алматы, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Семей ауруханаларына үнемі жеткізіліп жүрді. 

«Көкшетау минералды сулары» АҚ директоры Станислав Максимец айтуынша: «Қазақстандағы ауруханаларда суға деген сұраныс өте жоғары болды. Біздің денсаулығымызды қорғау үшін дәрігерлер бар күштерін салды. Біз әлеуметтік жауапкершілігі жоғары компания болғандықтан, қолдан келген көмегімізді бергіміз келді. Адам өмірінде ең қажетті құндылықтардың бірі – СУМЕН қамтамасыз етуге бел будық. Физиологиялық толыққанды су болғандықтан, TURAN вирустан қорғануда пайдасы көп тиеді деп сендік. Шынымен де, дәрігерлерден судың дене қызуы кезіндегі интоксикацияны азайтуда пайдасы тигені туралы көптеген жылы пікірлерін естідік».