TURAN суымен бірге жарқын марафондар

TURAN суымен бірге жарқын марафондар

2016 жылдан бастап TURAN табиғи суы ЯРКОКРОСС қайырымдылық марафонының тұрақты серіктесі болып табылады.

Әр жаз сайын, Қазақстанның 5 қаласында, 5км. қашықтықты әлеуметтік марафон өтеді. Қатысушылары белгіленген пунктерде жарқын бояулармен боялады. Бұл жылы эмоциялар мен салауатты өмір салтын ұстану ғана емес, ЯРКОКРОСС еліміздің экологиясын жақсартуға арналған шара. Шара барысында жиналған ақша ағаш отырғызуға бағытталады. 

Басындағы 250 қатысушыдан, бұл шара республикалық қомақты 25 мың қатысушысы бар шараға айналды. 

Ұлт саулығы - TURAN табиғи суы брендінің басты миссиясы. Сондықтан да бренд жыл сайын бұл қайырымдылық шараға қуана қатысады. Марафоннан кейінгі «Посади Дерево» қорымен бірге қаланы көгалдандыру - ағаш отырғызу шарасына да қатысады. Бүгінгі күнге  Навои көшесіндегі Алмаарасан шатқалында отырғызылған ағаштардың саны 400-ге жетті, қала ішінде спорт алаңы ашылып, қалалық саябақта орындықтар орналастырылды. 2017 жылы «Алматы хайуанаттар бағы» КМҚМ аумағында, жапон тырнасының орналасқан жерінің қасында және жас көрермендерге арналған контактілі бағының қасында 500-дей ағаш пен тал-шілік көшеті отырғызылды.

Біз осындай әлеуметтік қозғалыстың бір бөлігі болуымызға қуаныштымыз. Бұл қозғалыс әлеуметтік миссия, салауатты өмір салты мен жақсы көңіл-күйдің бірлестігі болып табылады.

01 / 03