Судың pH-теңгерімі мен оның маңыздылығы неде?

Судың pH-теңгерімі мен оның маңыздылығы неде?

Судың pH-теңгерімі немесе сутегі көрсеткіші – судың сапасы мен қасиеттері үшін, оның адамның денсаулығына ықпалы үшін жауап береді.

Адамға су-тұз теңгерімі де, қышқылды-сілтілік теңгерімі қажет, себебі қан, лимфа, жасушааралық және басқа да ағзадағы сұйықтықтар аз сілтілі реакцияға ие. Ағзадағы қышқыл көрсеткіші көтерілсе, патогенні флора өсіп, ағзаның жалпы жағдайы төмендейді.

Әр сұйықтықтың өз pH-көрсеткіші бар: 

аса қышқылды сулар

< 3

(лимон шырыны)

қышқылды сулар

3 - 5

(сыра, шарап, апельсин шырыны)

аз қышқылды сулар

5 - 6.5

(қара кофе, сүт)

нейтралды сулар

6.5 - 7.5

(10°-тан 22°С дейінгі таза су)

аз сілтілік сулар

7.5 - 8.5

(0° таза су)

сілтілік сулар

8.5 - 9.5

(ас содасының ерітіндісі)

аса сілтілік сулар

> 9.5-11

(хлорлы әктас, мүсәтір спирті)

pH көрсеткіші 0 болса – бұл қышқыл, pH көрсеткіші 14-тен көп болса, бұл сілті.

Біз сусыз өмір сүре алмаймыз, бірақ су шөлді ғана қандырмай, ағзамен толықтай сіңірілуі үшін, теңгерімі нейтралды немесе аз сілтілі болуы керек. Судың pH-теңгерімінің лайықты көрсеткіші МЕМСТ бойынша анықталып, әдетте 6,5-нан 8,5-ға дейінгі көрсеткіште болады. Бұл адам қанының нейтралды болуымен түсіндіріледі, сондықтан судың қан көрсеткішіне жақын теңгерімі болуы қажет.

! Бөтелкедегі судың сутегі көрсеткіші заттаңбада көрсетілуі керек.

TURAN жеңіл суы табиғатпен үйлестірілген мінсіз 7,5 pH-теңгеріміне ие.

Осындай су зат алмасу процестеріне, химиялық рекция жүрісі мен жасушадағы биологиялық процестерге жақсы ықпалын тигізеді. Ағзадағы қышқылды-сілтілік теңгерімнің дұрыс болуы үшін дені сау адам дұрыс тамақтанып, pH-теңгерімі мінсіз сапалы таза су ішуі қажет. Дұрыс суды таңдап, деніңіз сау болсын!